
Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде «Toyota Alphard» пен «Kia» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Toyota Alphard» автокөлігін 55 жастағы Семей қаласының тұрғыны басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Kia» автокөлігімен соқтығысқан.
Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны, сондай-ақ 2023 жылғы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылғаны анықталды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізушінің орта дәрежелі алкогольдік мас күйі тіркелген.
Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушінің өзі Семей қаласындағы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік мас күйінде көлік басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1163752?lang=kk

Жауап қалдыру