Студенттердің өнер туындылары музей көрмесінде ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әдебиет және өнер музейінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Киім дизайны» және «Интерьер дизайны» мамандықтарында білім алып жатқан студенттердің «Өнерге бастар жол» атты шығармашылық көрмесі өтті.
 
Көрменің мақсаты – Көкшетау қаласында талай өнер майталмандарын тәрбиелеп шығарған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің ұжымы мен студенттерінің шығармашылығын қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, көпшілікті көркемөнерге баулу, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, бос уақытты тиімді пайдалануға бағыттау және мәдени ошақтарға тарту арқылы эстетикалық талғам қалыптастыру.
 
Іс-шараның салтанатты ашылуына Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, Қазақстан Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Саян Мұхамедияров қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, көрменің шымылдығын ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1163766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді