Сырттай-проактивті куәландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың  2 ақпанында №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Нұрмағамбетова Галия Балқаш қаласындағы «Оркен Медиа» телеарнасына «Сырттай-проактивті куәландыру» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол бетпе-бет куәландырудан сырттай-проактивті куәландыруға кезең-кезеңімен көшу туралы айтып өтті. Сырттай-проактивті куәландыру — бұл азаматтың жеке қатысуынсыз, медициналық ұйымдардан электронды ақпараттық жүйе арқылы жолданған құжаттар негізінде жүргізілетін медициналық-әлеуметтік сараптама. Жаңа формат халық үшін рәсімдерді жеңілдетуге, қағазбастылықты азайтуға, кезек күтуді болдырмауға және қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-karagandy/press/news/details/1163398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді