«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында жастармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шара жастардың экологиялық сауатын арттыру, тазалықты тұрақты әдетке және өмірлік ұстанымына айналдыру мақсатында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.          

Сарқан ауданында өткен кездесу барысында «Sarqan jastary» филиалының жетекшісі Бауыржан Жантасов экологиялық сананы қалыптастырудың нақты тетіктеріне тоқталды:

– Алдағы уақытта «Taza Time» қозғалысын тұрақты насихаттап, тазалық акцияларын жиі өткізу – біздің ортақ міндетіміз. Сіздердің әрқайсыңыздың осы шараларға белсенді қатысуларыңыз қоғамға оң ықпал етіп, жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатыны анық. Ең бастысы, «Таза ой – таза орта – таза болашақ» қағидасын ұстанып, тазалықты өмір салтымызға айналдырайық, – деді ол.

Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қатысушылар ашық пікір алмасты, өз ұсыныс-тілектерін білдірді, тазалықты өмір салтына айналдыру туралы ортақ үндеу қабылданды.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді «Sarqan jastary» филиалы ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1163570?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді