
Теректі ауданында волейболдан аудан әкімі кубогының жеңімпаздары анықталды
Волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасында Теректі ауданы әкімінің кубогына арналған турнир өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа Батыс Қазақстан облысы мен аудандарынан келген командалар қатысты. Атап айтсақ, БҚО әкімдігі, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Шыңғырлау, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Теректі аудандарының әкімдігі тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелеген номинациялар иелері анықталды.
«Үздік ойыншы» аталымы Жәнібек ауданынан Тимур Шерниязовқа берілді.
«Үздік қорғаушы» номинациясын Шыңғырлау ауданынан Асемгүл Шурманова иеленді.
«Үздік шабуылшы» аталымы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі командасының ойыншысы Асланбек Бауенге табысталды.
«Үздік байланыстырушы» номинациясы Ақжайық ауданы Биманов Русланға бұйырды.
Ал «Турнир ардагері» аталымымен Жәнібек ауданы әкімдігі командасының ойыншысы А. Қаратаев марапатталды.
Тартысты ойын нәтижесінде:
І орынды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы иеленді.
ІІ орын Ақжайық ауданы әкімдігінің командасына бұйырды.
ІІІ орынды Жәнібек ауданының командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, статуэтка, медальдармен және арнайы диплом, сертификаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1163424?lang=kk

Жауап қалдыру