Қытай Халық Республикасының “Ca Long” компаниясының өкілдері, Төлеби ауданы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында орталықтың негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қаржылай және қаржылай емес бағдарламалар, сондай-ақ сервистік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Өз кезегінде қытайлық инвесторлар құрылыс саласына арналған өнімдері мен заманауи технологияларын таныстырып, құрылыс материалдарын өндіру және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Тараптар өзара іскерлік байланыстар орнату, инвестициялық әлеуетті тиімді пайдалану және нақты жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады.
Жауап қалдыру