Түнгі рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Беларан ауылдық округінде түнгі рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – түнгі уақытта жасөспірімдер тарапынан орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Түнгі рейдтік жұмыстарға ауылдық округ әкімі аппараты мен №77 орта мектебінің қызметкерлері қатысты. Бірлескен топ ауылдағы  жастар жиі жиналатын қоғамдық орындар мен сауда дүкендерін аралап, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында мекеме иелері мен жастарға Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты нормалар ескертілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық рейдтер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-belaran/press/news/details/1163780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді