№ 431 референдум учаскесі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда (07.00-ден 20.00-ге дейін) Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы № 431 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтеді.
Дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Аталған құқықты жүзеге асыру үшін Елшілік Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуі қажет.
Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар Елшілік жанындағы № 431 референдум учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін Өзбекстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат алдын ала өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум – 2026» белгісімен kazconsul_tash@mfa.kz электрондық поштасына жолдауы қажет.

📌Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, №431 учаскенің телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
+998 71 231 61 74.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1164718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді