
Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов мерейтойды атап өтуде. 17 жылға жуық уақыт бойы Серік Мүбаракұлы азаматтық қорғау жүйесіне қызмет етіп келеді, ол үшін жұмыс тек мамандық емес, адамдардың өмірі үшін күнделікті жауапкершілік болып табылады.
Ол мамандыққа бірден келген жоқ. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының, қазіргі Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында бастады, ал 2006 жылы Бесқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі болды. Дәл сол кезде ол алғаш рет ТЖ алдын алу бойынша нақты жұмыспен танысып, 2009 жылы байқаудан өтіп, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғау жүйесінде қызметін бастады. Кейін Павлодар облысында жұмысын жалғастырып, еңбек жолын құтқару ісімен байланыстырды.
Бүгінгі таңда оның жұмысы кез-келген оқиғаға күнделікті дайындық болып табылады. Қызмет еткен жылдары Серік Шерияздановтың жетекшілігімен ондаған құтқарушылар оқытылды. Ол түрлі төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыруға қатысты. Көктемде-су тасқыны және оларға дайындық, жазда-шомылу маусымы және тұрақты кезекшілік, күзде-жаттығулар мен жарыстар, қыста — іздестіру-құтқару жұмыстары: жоғалған шопандар, қарлы боран кезінде адамдардың ТЖ-ға тап болу сиякты жағдайлармен күресті.
“Бос уақыт мүлдем жоқ”, — дейді ол. Егер демалу мүмкіндігі болған кезде үйде, әсіресе әскери және тарихи фильмдерді тыныштықта көруді ұстанады.
Отбасы әрдайым Серік Мүбаракұлын қолдайды, дегенмен ол қызметтің жұмысымен терең бөліспейді, себебі жақын адамдары қатты алаңдайтынын жеткізеді.
Әріптестері үшін ол тәлімгер және тәжірибелі маман, құтқарушылар үшін — адалдықтың үлгісі. Жиырма жылға жуық уақыт бойы Серік Шериязданов күн сайын аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қорғауда тұрған адам болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1164550?lang=kk

Жауап қалдыру