Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұру, сондай-ақ қалыңдық ұрлау фактілерімен күресу туралы Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында жиын өткізілді.

«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінен әлеуметтік қызметкері Байтишева Амина Абдиғалиқызы және осы мекеменің психологі Оразбаева Камила Сәрсентайқызы қатысты.

Әйел кісілерге құрметпен қарау құндылықтары, қарым-қатынасқа мәжбүрлеудің, қалыңдық ұрлаудың және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ, мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінің жол берілмейтіні жүйелі түсіндіру жұмыстары Департамент ұжымында келешектеде жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1164150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді