
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг барысында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова мен Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Алматы қаласындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар Департамент қызметкерлері аурудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және сақтық шаралары жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.
Сондай-ақ, брифинг соңында спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар берді.
Брифингтің толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=53snlRQRuE4 сілтемесі арқылы көре аласыздар
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1164387?lang=kk

Жауап қалдыру