АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің ІХ конференциясы өтіп, ұйым қызметінің нәтижелері мен келешектегі жоспарлары кеңінен талқыланды.
Алқалы жиынға Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қатысып, ардагерлер қозғалысының қоғамдық маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде аға буынның ел ішіндегі татулықты сақтаудағы, жас ұрпаққа бағыт-бағдар берудегі айрықша рөліне тоқталды.
Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ардагерлер ұйымының бастамаларына қолдау білдірді.
Күн тәртібіне сәйкес мандат комиссиясының есебі қаралып, аудандық ардагерлер кеңесінің қызметі бағаланды. Сонымен қатар конференцияда кеңестің жаңартылған құрамы бекітіліп, тексеру комиссиясы сайланды. Облыстық конференцияға қатысатын делегаттар да осы жиында анықталды.
Конференция қорытындысымен Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Сейтхан Ақтаев, ал оның орынбасары болып Құлманов Сайлаубай тағайындалды.
Басқосу барысында қоғамдық келісімді нығайту, елдік құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жандандыру мәселелері көтеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді