АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесінің конференция отырысы өтті.

Отырысқа Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сағнадин Салықбаев, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Дархан Жанысханұлы жиынға қатысқан ардагерлерге алғысын білдіріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

Конференция отырысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамшат Абдірзақов 2021-2026 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша есебін берді. Отырыста аудандық ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, ардагерлер кеңесі тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесіне жаңа мүшелері және Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына делегаттар сайланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1163817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді