
Кеңес барысында алдағы республикалық референдумға дайындық жұмыстары талқыланып, ұйымдастыру шараларының барысы қаралды. Жауапты бөлімдерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және учаскелердің дайындығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Наурыз мейрамы мерекесіне дайындық мәселелері көтерілді. Мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру, аудан тұрғындарының белсенді қатысуын қамтамасыз ету, санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттер айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша барлық жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1164551?lang=kk

Жауап қалдыру