Аудандық мәдениет ошағында ұйымдастырылған концерттік бағдарламада, Ауған соғысы ардагерлері мен бітімгерлік миссияны абыроймен атқарған жерлестерімізге құрмет көрсетілді.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Галиев қатысып, Тәжік-Ауған шекарасында қызметте болған ардагерлерді құттықтап, аудан әкімі атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Іс-шараға жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысып, ерлік пен отансүйгіштік тағылымына куә болды. Бұл – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен тарихи жадыны сіңіруге бағытталған маңызды тәрбиелік басқосу болды.
Концерттік бағдарламада патриоттық рухтағы әндер шырқалып, ел тыныштығы жолында қызмет еткен жауынгерлердің ерлігі ерекше аталып өтті.
Мұндай тағылымды шаралар – батырларға тағзым етіп, ел бірлігі мен мемлекет тұтастығын дәріптеудің жарқын көрінісі.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз. Еліміздің іргесі берік, аспаны әрдайым ашық болсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1164434?lang=kk

Жауап қалдыру