
Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсем Саттыбаева “Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназия” жалпы білім беретін мектебінде “Қызылшамен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қызылша ауруының алдын алу, қызылшаға қарсы екпенің маңыздылығы туралы баяндалды. Инфекцияның таралу жолдарын болдырмау мақсатында жеке гигиенаны сақтау және қызылшаға қарсы уақтылы иммундаудан өту туралы ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1164310?lang=kk

Жауап қалдыру