Басты құндылық – адам және оның құқығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байзақ ауданына қарасты Түймекент ауылдық округінде ел болашағы үшін маңызы зор жиын өтті. Ауыл тұрғындары алдағы республикалық референдум аясында ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасымен егжей-тегжейлі танысты.
Жиын барысында спикерлер реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, құжаттың құқықтық маңызын түсіндірді. Биылғы реформаның басты ерекшелігі — оның «Халықтық» сипатында.
Жаңа жобаның өзегі – әрбір азаматтың бостандығы мен құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.
«Бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл — әділетті қоғам құрудың жаңа бағдары. Әрбір өзгеріс қарапайым халықтың мүддесін қорғауға бағытталған», – деп атап өтті кездесу спикерлері.
Түймекенттіктер кездесуге белсене қатысып, реформаның практикалық тұстарына қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, референдумның өткізілу тәртібі мен дауыс берудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Тұрғындар өз кезегінде жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, ел ертеңіне бейжай қарамайтындарын көрсетті.
Конституциялық реформа — бұл мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру мен жаңғыртудың бастауы. Түймекенттегі кездесу халықтың осы тарихи сәттегі ауызбіршілігі мен саяси белсенділігін тағы бір мәрте айқындап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1164132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді