Білім берудегі өзгерістерді басқару: әдіскерлерге арналған шеберлік сағаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы базасында экономика ғылымдарының кандидаты, MPA, білім беру саласындағы сарапшы-аналитик, «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының, UBES High School және Alem University құрылтайшысы Гульмира Аманжоловна Курганбаева шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – әдіскерлердің тұлғалық дамуын қолдау, заманауи кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және білім беру ұйымдарында жобалық қызметті стратегиялық тұрғыдан жоспарлау дағдыларын дамыту болды. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар өзгерістерді басқарудың халықаралық тәжірибеде тиімділігі дәлелденген ADKAR әдістемесімен жұмыс істеп, оны білім беру жүйесіне бейімдеу жолдарын қарастырды.

Спикер білім беру саласындағы трансформациялық үдерістердің мәніне тоқталып, ұйымішілік өзгерістерді кезең-кезеңімен енгізудің нақты алгоритмін ұсынды. ADKAR моделі арқылы өзгеріске дайындықты қалыптастыру, қызметкерлердің мотивациясын арттыру, жаңа дағдыларды жүйелі меңгерту және нәтижені бекіту тетіктері практикалық тапсырмалар арқылы талданды.

Шеберлік сағаты интерактивті форматта өтіп, қатысушылар топтық жұмыс, талдау және кері байланыс алаңында өз тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, стратегиялық жоспарлау мен жобалық менеджментті білім беру ұйымдарының даму бағдарламасына тиімді кіріктіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу қорытындысында әдіскерлер білім беру үдерісіндегі жаңашыл бастамаларды жүйелі жүзеге асыру үшін көшбасшылық қабілетті, аналитикалық ойлауды және өзгерістерді басқару мәдениетін дамыту қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1164106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді