
Ауданның білім беру ұйымдарында Дін істері басқармасының қызметкері Нұрмағанбет Нұртас 9–10-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында зайырлылық қағидаттарын кеңінен түсіндіру, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат беру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға дәстүрлі діндердің құндылықтары, еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттан сақтану жолдары, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері туралы нақты мысалдар келтірілді.
Кездесу кезінде құқықтық жауапкершілік мәселелері де кеңінен қозғалып, заң талаптарын сақтау, азаматтық ұстаным мен ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығы атап өтілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1164214?lang=kk

Жауап қалдыру