«EcoFuture: Таза Қазақстан» квест ойыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған ерекше шара – «EcoFuture: Таза Қазақстан» атты квест ойыны өтті. Іс-шараға қаладағы арнаулы оқу орындарының (колледждер) студенттері қатысып, туған жер табиғатына жауапкершілікпен қарауды, командалық жұмыс пен көшбасшылық дағдыларын дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Квест алты түрлі турдан тұрды және әр станцияда қатысушыларға арнайы тапсырмалар қойылды. Командалар тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындауға тырысып, ынтымақ пен стратегиялық ойлауды көрсетті.

Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Бектұрсын Аманат Алтынбекұлы:

«Бұл квесттің негізгі мақсаты – жастар арасында қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылық пен патриоттық сезімді ояту. Сондай-ақ, командалық жұмысқа, көшбасшылыққа және жылдам шешім қабылдау дағдыларына үйретеді. Бүгінгі күні жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз»

Қатысушылардың бірі, Жұмажан Нұрсәт, Орал гуманитарлық техникалық колледжінің студенті:

«Квест өте қызықты өтті. Әр тапсырма командалық жұмысты және жылдам ойлануды талап етті. Біз әр станцияны бірге шешіп, бір-бірімізге көмектестік. Мұндай шаралар тек білім ғана емес, командалық рухты да дамытады»

Қатысушылар тапсырмаларды сәтті орындап, экологиялық білімдерін тексерді. Жеңімпаз команда ерекше естелік сыйлықтарға ие болды.

«EcoFuture: Таза Қазақстан» квесті жастарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, командалық жұмыс пен көшбасшылық дағдыларын шыңдауға бағытталған бірегей іс-шара ретінде есте қалды.

 

#ТазаҚазақстан #Экология #ТазаҚала #EcoIdeology #TazaChallenge

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1164498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді