
Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру мақсатында өңірлік комиссия белсенді жұмыс жүргізуде. Арнайы комиссия базарлар мен дүкендерге жүйелі мониторинг жасап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуде.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда ӘМАТ-тың кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта ол 31 атауға дейін кеңейтілді.
Сауда үстемесін 15%-дан асырмау талап етіліп, делдаларды жою және негізсіз баға өсімінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр.
ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру бойынша комиссияның жұмысы оң нәтиже беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде. Бұл бағыттағы елеулі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Астана тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты назарда.
https://www.instagram.com/p/DU5JWOFDErw/?hl=ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1164724?lang=kk

Жауап қалдыру