Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Федоров аудандық мәслихаттының кезектен тыс сессиясының сегізінші шақырылымының отырысында 3 мәселе қаралды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

 «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша сессия қатысушыларын «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко хабардар етті.

Ол, 2025 жылдың соңына және бюджеттерді орындау барысында құрылған  бюджет қаражатының қалдықтарын бөлуге байланысты төртінші деңгейдегі бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.

Сондай-ақ сессияда Федоров ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған  өзгерістерді қолдады және тиісті шешімдер қабылдады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1164482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді