
Бүгін “Әулиеата” ауданының әкімі Барлық Әдепханұлы “Қазақтелеком” АҚ филиалы “Желі” дивизион бірлестігі Жамбыл қатынау желісінің пайдалану департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің ел дамуына, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпалы жөнінде пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata/press/news/details/1164280?lang=kk

Жауап қалдыру