Милан Олимпиадасы: Шаңғы жарысынан Қазақстан әйелдер командасы спринтте өнер көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтіп жатыр.

Бұл қатарда Қазақстан құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті. Алғаш болып жарыс жолына шыққан Дарья мәреге 16-ші болып жеткен. Іріктеудің екінші бөлігінде Надежда бақ сынап, Қазақстан қорытынды есепте 17-орын алды. Қос спортшының уақыт көрсеткіші – 7 минут, 14.61 секунд.

Осылайша, 26 мемлекеттің командасы арасынан 15-і финалға шықты. «Тезаро» шаңғы стадионындағы ақтық сын бүгін сағат 15:45-те басталады.

Санаулы сəттен кейін ерлер командасының іріктеуі өтеді. Мұнда ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды.

Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1164576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді