
Облыста конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы бастама аясында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Саран қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында халықтың түрлі санаттағы өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесулерде діни сауаттылықты арттыру, деструктивті ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Саран қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған біліктілікті арттыруға және профилактикалық-түсіндіру жұмыстарының әдістерін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өткізілді. Аталған іс-шаралар қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сындарлы диалогты дамытуға және рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1164631?lang=kk

Жауап қалдыру