Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 32-сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

 төрағасының шешімі

 

                         Сәтбаев қаласы                                                               2026 жылғы 16 ақпан

 

 

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 32-сессиясын шақыру туралы

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жылғы 20 ақпанда сағат 11:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы 38 сессиясының № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы.
  5. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы 3-сессиясының № 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                  Қ. Балмағамбетов                                  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1163996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді