
Павлодар қаласында көктемгі су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық жоспарлы режимде жалғасуда.
⠀Қаланың ауылдық аймағының дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары ТЖБ-мен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп елді мекендерге барып қайтты.
⠀Бұл ретте, олар гидротехникалық құрылыстар мен су бұру арналарының жай-күйін тексеріп, сонымен қатар жауапты қызметтермен су тасқыны кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.
⠀Бүгінгі таңда өңірде 153 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылып, салынды, 36 су өткізу құрылыстары орнатылып және жөндеуден өтті.
⠀Жұмыс жүйелі және кезең-кезеңмен жүргізілуде.
Мамандар ықтимал тәуекелдерді азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гидрологиялық жағдайды күнделікті бақылайды.
⠀Басты міндет – көктемгі кезеңді төтенше жағдайларсыз өту және елді мекендердегі тұрақты жағдайды сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1164430?lang=kk

Жауап қалдыру