ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЕСЕП

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрдаулет Ажибековтың 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарына есеп беру жиналысы өтті.
Аталған кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев және аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысты.
Жиын барысында аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер кеңінен баяндалды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.
Есеп беру кездесуі ашық форматта өтіп, тұрғындар мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталды.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді