
Маңызды: көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры ортақ мүлікке жатады. Оның жай-күйін бақылау және уақытылы тазалау міндеті үйді басқару органдарына — КСК немесе ОСИ-ге жүктеледі. Әкімшілік, сауда және әлеуметтік нысандардың меншік иелері де іргелес аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұз бен қарды тұрақты түрде тазартуға міндетті.
Аталған талаптарды елемеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Егер сіз қауіпті мұздарды немесе шатырда қардың жиналуын байқасаңыз:
– үйіңізге қызмет көрсететін КСК/ОСИ төрағасымен байланысыңыз;
– басқарушы ұйым тарапынан тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда, өтінішті iKomek платформасы арқылы жолдаңыз.
Назар аударыңыз: шатырларды тазалау жұмыстары қауіпсіздік техникасын сақтай отырып және тек күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс.
Қосымша сұрақтар бойынша:
8 747 134 1996 — Абылай Қабыкенов, «Алматы» ауданы әкімдігі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1164602?lang=kk

Жауап қалдыру