Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев, жекелеген облыстар әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әлеуметтік серіктестердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Алқа мәжілісінде министрліктің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары, соның ішінде еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы қорытындыланады.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамытуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған 2026 жылға арналған міндеттер талқыланады.
Осы күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерімен панельдік сессия өтеді. Онда қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын мемлекеттік бақылау мәселелері, соның ішінде еңбек дауларын шешу, жалақы бойынша берешекті азайту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мәселелері қаралады.
Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, министрлік қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар берілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1164203?lang=kk

Жауап қалдыру