Құрметті аудан тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сіздерді Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл рухани тазарудың, адамгершілік құндылықтар нығайтудың және игі істерге ұмтылуыдң ерекше кезеңі. Ораза күндері адамдар шыдамдылық пен төзімділік танытады, жақындарына қамқорлық көрсетеді, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады.   

Рамазан бірлікке, өзара сыйластыққа және бір-біріне деген жауапкершілік көрсетуге үндейді. Бұл құндылықтар қоғамымыздың бейбітшілік пен келісімнің негізі болып табылады.

Ауданымызда көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Тату көршілік қатынастар, өзара түсінушілік пен сый-құрмет дәстірлерін сақтау – біз үшін маңызды.  Қасиетті Рамазан айы адамдарды ортақ рухани бағытқа біріктіреді және қоғамдастық сезімін нығайтады.

Рамазан айы баршаңызға жақсылық, ынтымақ-бірлік әкелсін, әр шаңырақта береке орнасын.

 

 

Жітіқара ауданының

               әкімі                                                   А. Жаныспаев

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1164474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді