
Су тасқыны мерзімі басталар алдында құтқарушылар өмірлік қиын жағдайға тап бооған адамдарға көмек көрсету акциясын жүргізуде.
Ұлан ауданы, Герасимовка ауылында 1958 жылы туған, жалғыз тұратын қарт әйелге құтқарушылар үйдің ауласын қалыпқа келтіруге көмек берді.
Ауланы қардан тазалап, көктемгі қар суы кедергісіз ағуы үшін үйге жақын орналасқан каналды тазалады.
Зейнеткердің үйі су басу қауіпі бар аумақта орналасқандықтан инертті материалды дайындауға да алдын-ала көмек көрсетілді.
Көмек көрсету бойынша акция облыстың басқа да Глубокое,Шемонаика,Тарбағатай, Самар және Өскемен,Алтай қалаларында да өтуде.
Осындай қарапайым, бірақ қажетті іс-шаралар егде адамдардың өмірін жеңілдетуге және су тасқыны мерзімін қауіпсіз өткізуге септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1164652?lang=kk

Жауап қалдыру