
Сәтбаев қаласында қысқы кезеңде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қалаішілік және кіреберіс жолдар қардан тазартылып, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасы себілуде. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, жылдамдықты сақтауға, арақашықтықты ұстануға, қауіпсіздік белдігін тағуға және қысқы дөңгелектерді қолдануға кеңес берілді. Қыс мезгілінде сақтық – қауіпсіздіктің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1163868?lang=kk

Жауап қалдыру