
Бүгін Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды. Бұл сында ел намысын Шыңғыс Рақпаров қорғады.
Ұлттық құрама спортшысы шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарыста мәреге 32-ші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші 32 минут, 42 секунд.
Айта кетейік, күндіз Шыңғыс үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыдан көрінген.
Шаңғы қоссайысы, үлкен трамплин жүлдегерлері:
1. Енс Лурос Офтебру (Норвегия)
2. Йоханнес Лампартер (Аустрия)
3. Илькка Херола (Финляндия)
Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз атанған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1163842?lang=kk

Жауап қалдыру