
Созақ аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымындағы
кезектен тыс отыз жетінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 25 ақпан, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында шақырылсын.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 25 ақпан, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.
Депутаттарды тіркеу 25 ақпан, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылғы 25 ақпан, сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күш жойылды деп тану туралы.
- Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы.
- Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1164012?lang=kk

Жауап қалдыру