Свердловка ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Свердлов ауылдық округінің әкімі тұрғындармен аулаларды абаттандыру қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Свердловка ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Свердлов ауылдық округінің әкімі тұрғындармен аулаларды абаттандыру қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ауыл аумағын таза ұстау, инфрақұрылым нысандарын сақтау, жасыл желектерді қорғау мәселелері түсіндірілді.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, сондай-ақ жасыл желектерді жою немесе зақымдау:

* жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салуға;
* шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде;
* орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде;
* ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1 АЕК мөлшері — 4325 теңге.

Тұрғындарды ауыл тазалығын сақтауға және белгіленген қағидаларды қатаң ұстануға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1164113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді