СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы төрағалық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудан прокуроры Дабыл Аянұлы қатысты.
Отырыста мемлекеттік сатып алу және білім беру салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды күшейту мәселелері талқыланды. Анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1163907?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді