
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 19 ақпанында, сағат 12.30-ға ауысқанын хабарлаймыз. Тұрғындармен кездесу Түркістан қалалық Мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 13.30-да Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында (Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, №28) өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 17 ақпанға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1164100?lang=kk

Жауап қалдыру