Заң талабы – ортақ міндет: құқық бұзушы қамауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Панфилов ауданының полиция қызметкерлері сот шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етіп, белгіленген шектеулердің бұзылуын тоқтатты. Сот талаптарын орындамау дерегі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

Анықталғандай, аудан тұрғыны алкогольдік мас күйінде өзінің азаматтық жұбайына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасап, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы кінәсін мойындады. Сот оның әрекеттері қасақана әрі қайталанған сипатта болғанын белгіледі. Істі қарау нәтижесінде кінәлі тұлға әкімшілік қамауға алынды.

Полиция сот шешімдерін орындау барлық азаматтар үшін міндетті екенін ескертеді. Белгіленген талаптарды елемеу немесе олардан жалтару әрекеттері заң аясында жауапкершілікке әкеледі.

Тәртіп сақшылары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

#законипорядок
#заңментәртіп
#последампубликаций

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1164051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді