Жамбыл облысында мал қыстату науқаны қалыпты өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мал қыстату маусымының барысы қаралды.

Мал қыстату маусымының өту барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев баяндады. 2025-2026 жылғы қыстату науқанына 3,8 млн бас төрт түлік түсті. Оның ішінде 3,2 млн бас ұсақ мал (қой-ешкі), 450,1 мың бас мүйізді ірі қара, 183,6 мың бас жылқы және 8,3 мың бас түйе бар.

Мал азығы ретінде 92,1 мың тонна сүрлем, 2,2 млн тонна пішен, 119,9 мың тонна пішендеме, 480,3 мың тонна сабан және 214 мың тонна құнарлы жем дайындалған.

Облыс аудандарында барлығы 5 862 мал қыстату орны бар. Қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үй, 2 184 қашар және 936 баз толық жөндеуден өтіп, маусымға әзірленген. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны шығынсыз өтуде.

Өңір басшысы ауа райының тұрақсыздығы мал шаруашылығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, аудан әкімдеріне қыстаулардағы ахуалды қайта зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар жем-шөптің жеткілікті көлемде жеткізілуін және ветеринариялық-профилактикалық шаралардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-auyl/press/news/details/1163928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді