Жеке қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Жамбыл облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Нысанбаев Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерімді жеке қабылдады.
 
Кездесу барысында А.Алтынбаева 2025 жылы атқарылған жұмыстарды және 2026 жылға қойылған жоспарларды баяндап, Департамент басшысымен білім саласында орын алып жатқан өзекті мәселелерді талқылады.
 
Сонымен қатар, Департамент басшысы Тараз қаласы бойынша білім сапасы бойынша ұсынылған ақпараттарды, мұғалімдердің педагогикалық әдебін, білім мекемелерінің материалдық базасын, оқушылардың қауіпсіздігі туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мәселелерге тоқталып, Заңнама талаптарына сәйкес жұмыс жүргізуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1164455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді