«Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 ақпанда Департамент басшысы Женис Бериков «Әйелге құрмет – қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ақпараттық науқаны аясында қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу, қалыңдық ұрлау, сталкинг және өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында Мемлекет Басшысының қоғамда адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілеріне қарсы тұру, әйелдердің құқықтарын қорғау және қалыңдық ұрлау фактілерінің алдын алу жөніндегі нақты тапсырмалары атап өтілді. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның, соның ішінде әрбір еңбек ұжымының ортақ жауапкершілігі екені ерекше айтылды.
Әйелге деген құрмет – отбасы беріктігінің, ұжымдағы өзара сыйластықтың және жалпы қоғам дамуының маңызды көрсеткіші. Қызмет орнында да, күнделікті өмірде де әріптестерге, әсіресе қыз-келіншектерге, құрметпен қарау қағидаттарын берік ұстану қажеттігі баса айтылды.
Қалыңдық ұрлау, некеге мәжбүрлеу, аңду (сталкинг), психологиялық немесе физикалық қысым көрсету ұлттық дәстүрге жатпайды. Керісінше, мұндай әрекеттер қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзады. Қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидаты қалыптасуы тиіс.
Ұжымда:
• гендерлік теңдік қағидаттары сақталуы;
• кемсітушілік пен қысым көрсетудің кез келген түріне жол берілмеуі;
• әр қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Әрбір қызметкер өз мінез-құлқымен, қарым-қатынас мәдениетімен өзгелерге үлгі бола алады. Құрмет пен сыйластық – кәсіби ортадағы тиімді жұмыс пен өзара сенімнің негізі.
Қандай да бір құқық бұзушылық белгілері немесе қысым көрсету фактілері анықталған жағдайда, оған бейжай қарамай, тиісті шаралар қабылдау қажет. Мұндай жағдайлардың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Қорытындылай келе, әйелге құрмет – тек ұран емес, ол күнделікті іс-әрекетімізде көрініс табуы тиіс нақты ұстаным. Қоғамның өркениеттілігі мен даму деңгейі, ең алдымен, әйелдің қоғамдағы орны мен қорғалу деңгейімен өлшенеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1165051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді