
Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаевтың Құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ай – сабыр, мейірімділік, қайырымдылық пен адамгершіліктің ерекше уақыты. Ораза ұстайтын әрбір азаматтың жүрегі таза болып, жан дүниесі байып, отбасы мен қоғамға игі істері молая түссін.
Рамазан – тек ораза ғана емес, сонымен қатар жүректің тазалығы, бауырмалдық пен қамқорлықты нығайтатын ай. Қиындықтарға қарамастан, бұл қасиетті уақыт бізді бірлікке, татулыққа және өзара сыйластыққа шақырады. Әрбір үйде бейбітшілік пен қуаныш орнап, жақсылық пен береке көбейсін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, береке, тыныштық және отбасыңызға амандық тілеймін. Алла разылығы мен оразаңыз қабыл болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1165634?lang=kk

Жауап қалдыру