Әлеуметтік әріптестік және еңбек дауларын алдын алу бойынша форум

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік әріптестік пен еңбек дауларын алдын алу мәселелері бойынша Форум өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ірі кәсіпорындардың, кәсіподақ ұйымдарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Форумда Батыс Қазақстан облысы прокуроры Н.Ұласбекұлы, облыс әкімінің орынбасары Қ.Мендіғалиев,  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Досжанов, КПО б.в. Бас директоры Марко Марсили және «АқсайГазСервис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Т.Шектібаев сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Досжанов өңірдегі еңбек қатынастарының қазіргі жағдайын, еңбек дауларын туғызатын негізгі себептерді атап өтті және алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетті.

Іс-шара барысында кәсіпорындардың басшылары мен әлеуметтік әріптестер өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді, ал басты оқиға ретінде әлеуметтік әріптестік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Форум қорытындысында қатысушылар өңірде еңбек дауларын алдын алу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға және әлеуметтік серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1165429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді