Әрекет етіп тұрған ПИК, ПИТК 2026 жылғы 16 шілдеге дейін міндетті түрде қайта тіркеу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 қыркүйекте “Тұрғын үй қатынастары туралы” ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енуіне байланысты, жұмыс істеп тұрған пәтер иелерінің барлық кооперативтері мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері 2026 жылғы 16 шілдеге дейін әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.
Айта кету керек, пәтер иелерінің кооперативтері, пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері басқарудың дербес нысандары мәртебесін жоғалтты, енді олар бірнеше үйге қызмет көрсететін экономикалық құрылымдар және кондоминиум объектілерін басқару субъектілері болып табылады.
“Жай серіктестік” кондоминиум объектісін басқару нысаны алынып тасталды. “Мүліктің меншік иелері бірлестігі” (ММИБ) және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар саны отыз алтыдан аз болса, басқару субъектісін тартпай-ақ “Тікелей бірлесіп басқару” (ТББ) басқарудың екі нысаны ғана қалды. ТББ-да 36 пәтер, тұрғын емес үй-жайлар асып кеткен жағдайда, пәтер иелері жиналыс хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару субъектісін тартуға міндетті. Бұл ретте, тікелей бірлескен басқару өз қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады, ал мүліктің меншік иелерінің бірлестігі заңды тұлғалар болып табылады және әділет органдарында міндетті тіркеуге жатады.
Егер барлық жұмыс істеп тұрған пәтер иелерінің кооперативтері және пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері 2026 жылғы 16 шілдеге дейін атауының жаңасына «Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі» өзгеруіне байланысты қайта тіркеу рәсімінен өтпеген жағдайда, олар тұрғын үй инспекциясының өтініші бойынша сот актілері негізінде мәжбүрлеп таратылатын болады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі №403 бұйрығымен Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің жаңа үлгілік Жарғысы бекітілді.
Алайда, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінің Жарғылары үлгілі болғандықтан, қайта тіркеуге қажетті құжаттар тізімінен алынып тасталды.

Осыған байланысты, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтері қайта тіркеуге келесі құжаттар ұсынылады: пәтер иелерінің кооперативі мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне кіретін барлық көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелерінің жиналыстарымен, әр үйдің тұрғын емес үй-жайларымен өкілдер беру туралы жиналыстарының хаттамалары, екі және одан да көп кондоминиум объектісінің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналыстары өкілдік еткен өкілдерден тұратын ПМК, ПМТК қайта тіркеу жөніндегі бастамашыл топ отырысының хаттамасы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1164959?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді