Әзіл мен заң арасындағы шекара: Жезқазғанда жасөспірімдерге құқықтық тәрбие сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп қабырғасындағы қарапайым қалжыңның өзі заң алдындағы жауапкершілікке ұласуы мүмкін. Осыған орай кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жезқазған қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары мен “Жас сақшылар” жасағы ерекше форматтағы танымдық кездесу өткізіп, жасөспірімдерге заң талаптарын кеңінен түсіндірді. Орынсыз әзілдің артында қандай жауапкершілік бар? Қазіргі таңда көптеген жасөспірім құрдастарын келемеждеуді, әлеуметтік желіде орынсыз суреттер мен жазбалар жариялауды жай ғана әзіл деп ойлайды. Алайда полиция қызметкерлері мұндай әрекеттердің артында нақты құқықтық ұғымдар тұрғанын ескертеді. Олардың қатарында қорлау мен намысқа тию, жеке өмірге қол сұғу, буллинг және кибербуллинг секілді заңмен жазаланатын әрекеттер бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалар кейде әзілдің шегінен асып кеткенін байқамай қалады. Сондықтан негізгі мақсат — жасөспірімдерге рұқсат етілген әрекет пен заң бұзушылықтың арасындағы шекараны нақты көрсету. Себебі адамның ар-намысына нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекет үшін әкімшілік, ал кей жағдайларда қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1165594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді