Аға буын азаматтарының белсенді өмір салтын ұстануын қолдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2021 жылдан бастап облыс халқын әлеуметтік қорғау жүйесінде аға буын адамдарына қолдау көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Петропавл қаласының аумағында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»» (БҰО) жобасын іске асырып келеді.

Ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметі жалғастырылды.

Орталықта зейнеткерлік жастағы адамдар үшін қызығушылықтары бойынша іс-шаралар (мәдени-демалыс, сауықтыру, білім беру, психологиялық, құқықтық консультациялар беру, шығармашылықпен айналысу, үйірме жұмысы, экскурсиялар және т. б.), бос уақытты ұйымдастыру және белсенді өмір салтын қолдау көзделген.

БҰО қызметі және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісінің centr_activ_sko парақшасынан, 8-777-795-52-83 телефоны арқылы алуға болады.

Облыстың аудан орталықтарында да егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын қолдау жөніндегі осыған ұқсас әлеуметтік жоба  іске асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1165337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді