
Ақмола облысының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы жарияланды, ол 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында өтеді. Айлықтың шеңберінде облыстың барлық өңірлерінде халықпен үгіт–профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды, елді мекендердің аумағын қардан тазарту жүргізілуде, сондай-ақ азаматтардың көмегіне мұқтаж аула аумақтарын тазалау бойынша көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда айлықақы аясында 67 қарт адамға, 35 көпбалалы отбасына, 29 мүмкіндігі шектеулі адамға көмек көрсетілді. Елді мекендерден 979 м3 астам қар шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда. Өткізілетін іс — шаралардың негізгі мақсаты-су басу қаупін азайту, су тасқыны кезеңінде азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1165637?lang=kk

Жауап қалдыру