Ақтөбе облысы ТЖД қызметкерлерінің зияткерлік жетістіктері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сенат кубогы – 2026» аясында Ақтөбе облысының ТЖД құрамасы облыстық деңгейде күштік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен жылдам шахмат чемпионатына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Аймақтың түрлі ведомстволарынан шамамен 100 қатысушыны біріктірген жарыста Департамент командасы сенімді түрде ширек финалға шықты.

Жеке есепте азаматтық қорғау капитаны Махамбетов А. күміс медаль иеленді, азаматтық қорғау майоры Күлбаев Б. үздік төрттіктің қатарына енді, ал азаматтық қорғау аға лейтенанты Атагуллина А. «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже» номинациясының жеңімпазы атанды.

Қол жеткізілген нәтижелер жеке құрамның кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, сондай-ақ қызметкерлердің ұйымшылдығы мен командалық рухын айқын дәлелдейді.

Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1165116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді