
Арыс қаласында теміржолшылармен кездесу өтті
Арыс қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы мүшелерінің қатысуымен теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – алдағы конституциялық өзгерістерді түсіндіру және еңбек ұжымының пікірін тыңдау.
Кездесуге қала аумағындағы теміржол мекемелерінде жұмыс істейтін 40-тан астам қызметкер қатысты. Коалиция өкілдері конституциялық түзетулердің негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму мен азаматтардың құқықтарын кеңейтуге ықпалын түсіндірді. Еркін форматтағы диалог барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш реформалардың қоғам сұранысынан туындағанын атап өтіп, олардың басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталғанын жеткізді.
Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс еңбек адамдарының пікірі әрдайым ескерілуі тиіс екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1164904?lang=kk

Жауап қалдыру